Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада құрылысшылар күніне бірнеше нысанның іргетасы қаланды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2022
  • 2876

Қызылордада құрысшылар күніне орай бірнеше маңызды нысанның іргетасы қаланды. Соның бірі-неке сарайы. Замануи үлгідегі құны 1 млрд. теңгеден асатын неке сарайы  келер жылы мамыр айында пайдалануға беріледі.

Феруза ИСКАКОВА, «АВАНГАРТ ПГС» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ:

Бұл құрылыста 140 адамдай жұмыс істейді. Құрылыстың конструкциясы темір-бетон, монолитный болып келген. Заманауи материалдармен қапталып, жақсы тапсырылады деп ойлаймыз.

Мұндай нысандардың әлеуметтік маңызы зор дейді қоғам қайраткері.

Жарылқасын ШӘРІПОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Облыс үлкен құрылыс алаңына айналып тұр. Бүгіннің өзінде 4 үлкен нысанның іргетасы қаланбақшы. Елдің өсуі, жастардың отбасын құрып халықтың өсу деңгейін көтеруі, ол жұптың отаудың беріктігі соның барлығы осы жерден басталады.


1000 келушіге арналған көпфункционалды өнер үйінің   де құрылысы басталды. Сондай-ақ,  «қан орталығының» іргетасы қаланды. Әлеуметтік нысан іске қосылғанда қан мен оның компонеттерін донациялау көрсеткіші 500-ден 10 мыңға дейін жеткізіледі дейді мамандар. Ал  Бәйтерек мөлтек ауданының тұрғындары келер жылы таза ауыз су ішеді. Аймақта бұдан да өзге ел игілі үшін атқарылып жатқан жұмыс орасан.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Сексеуіл, Төретам кентінде, Шиелі ауданында көгілдір отыр ауылдарға жеткізу мақсатында, оның құрылыстары басталды. Бүгінгі күні 20 млрд.теңгеден астам құрылыс нысандарының іргетасын қаладық. 
 

Келесі жылдан бастап меценаттар есебінен  400-ге жуық жоба жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, құрылысшылар мерекесі орталық алаңда гала-концертпен қорытындыланады.

М. Тоқтасынқызы