Үңірейген құдықтар үрейді алады. Елордада 50 кәріз құдығының қақпағы жоқ. Қаладағы бір мектептің жанынан беті ашық жатқан 5 кәріз құдығы анықталды . «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері шаһар көшелерін аралап, шойын қақпағы жоқ жерлерді анықтап жатыр. «Қауіпсіз қала» акциясы аясындағы бұл шара тамыздың 19-на дейін жалғасады. Бұл жазатайым оқиғаларды азайтып, қауіпсіздікті арттырады дейді-ұйымдастырушылар.
Динара ЗӘКИЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Шахар тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауда. Біз әр жыл сайын балалардың ашық жатқан кәріз құдықтарына құлап, жарақат алып жатқанын көреміз. Осы жағдайларды болдырмас үшін бұл акция биыл 3-ші рет өткізіліп жатыр, нәтижелері де көз қуантады.
А. Задабек