Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауырған баласына жете алмаған әке амалын таба алмай жүр

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2022
  • 2106

Елорда тұрғыны Ерқанат Мәден 1 жарым айдан бері Түркия елінде өлім мен өмір арасында қатерлі дертпен арпалысқан 2 жасар қызына жете алмай зар. Себебі шоттары бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салынған. Ал жұбайының аяғы ауыр болғандықтан бала уақытылы ем ала алмай жатқан көрінеді.

Ерқанат Мәден  8 жыл бұрын нағашы ағасының компаниясына директор болып жұмысқа кірген. Алайда компания жұмысы жүрмей, тоқтап қалған көрінеді. Содан бері салығы төленбеген. Соған байланысты Ерқанаттың есепшоттары бұғатталып, шетелге шығуына тыйым салған.

Ерқанат МАДЕН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазір оның налогы- 10 миллион. Штрафымен 18 миллион болып, басыма тіреліп, менде арест болып тұр. Енді қызым ауырып тұр қазір лейкозбен. Миобластный острый лейкоз соның М2 түрі болып қазір Туркияда ем алып жатыр. Енді мен өзім барып қарауым керек. Әйелім -екіқабат. Ол химия терапия ғой. Әйеліме маңайында болуға болмайды.  

Сондықтан  бірінші химия терапиясынан кейін баланың емін тоқтатқан. Жалғастыру үшін әкесі баруы керек.  

Мейрам МҰҚАМЕТӘЛІ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қызым бірінші химиядан кейін 15 күн болды. Тамақ ішпейді күнде жатарда системада 24 сағат. Мен өзім жалғыз шынымен де қатты қиналып кеттім.
 
Отбасы қазір қиын жағдайда.  Компания құрылтиайшысы ретінде нағашы ағасы бар жауапкершілікті өз мойнына алған.  Ерқанаттың есепшотын жауып, оны елден шығармай ұстауға ешқандай негіз жоқ дейді ол.    

Нұрболат ҚАЙМҰРАТ, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

ТОО Таңнұр кз-ті 2013 жылы ашқанмын. 2014 жылы июнь айнан сентябрьге дейін Маден Ерқанат директор болды. Осы аралықта қаржылық қиыншылыққа байланысты айлығын уақытылы ала алмау себепті Ерқанат жұмыстан кетті. Қалған уақытта Маден Ерқанаттың ешқандай заңды жауапкершілігі жоқ. Барлық заңды жауапкершілік менің мойнымда.


Бірақ, мәселе сонда да шешілер емес.   Сот шешімін өзгертпеген.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ СОТЫ:

Борышкер Маден Ерқанаттың Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді тоқтата тұру туралы қаулыны санкциялаудан бас тартылсын. Атқарушылық іс жүргізу тараптары соттың ұйғарымына жеке шағым бере алады, прокурор Ақмола облысы Целиноград аудандық соты арқылы 10 жұмыс күні ішінде Ақмола облыстық сотына өтініш хат бере алады.

Ерқанаттың бар үміті енді осы өтініш хатта.  Бірақ, уақыт тығыз.

А. Базарбай