Русский Сайттың толық нұсқасы

Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы 10% өсті

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2022
  • 1956

Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы 10 пайызға өсті. Бұған дейін жылына екі, үш үй ғана салынатын болса, енді бір жылда 20 көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Осылайша жылдар бойы кезекте тұрған отбасылар баспаналы болмақ.  Жалпы Жезқазған жаңа Ұлытау облысының орталығы болғалы шаһарды жаппай жаңарту жұмыстары басталды. Толығырақ тілшіміз Айжан Қуаш тарқатады.

Сағынтаевтар  жанұясы мемлекеттік қызметкерлер отбасы ретінде 8 жылдан бері  баспана кезегінде тұр. Екі баласы бар. Биыл кезектері   378- ден 184- ке   жылжыған. Ол әрине тұрғын үй құрылысының жандануына байланысты. Биыл Жезқазғанда 7 көпқабатты үй салынып жатыр.

Нұргүл САҒЫНТАЕВА, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді біздің қаламыз гүлденеді деп жақсы жағына өзгереді деп күтеміз. Статусымыз жоғарылап жатыр ғой, көп үйлер салынады кезекте тұрғандар көп үйлер алады деп ойлаймын.

Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы 10 пайызға өсті. Жергілікті билік өкілдері келер жылдың соңына дейін 20 көпқабатты үй пайдалануға беріледі дейді.  

Қайрат ШАЙЖАНОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Инфрақұрылым дайын болған жоқ, инфрақұрылым дайын болмағандықтан үй де салынған жоқ. Биылғы жылда үш үй, содан кейін 4 үй тағы да салынып жатыр.

Жезқазғанда 2 мың адам баспана кезегінде тұр. Оған қоса қаладағы апатты 34 екі қабатты үйдің тұрғындары   бар.

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Жезқазған қаласындағы өзекті мәселелердің бірі ол- апатты үйлердің жағдайы. Бұл ғимараттар осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын  ағаштан салынғандықтан әбден тозығы жеткен. Енді жергілікті әкімдік үйлерді сүріп тастап жаңа баспана тұрғызуды жоспарлап отыр. Тек ол жұмыс мемлекеттің емес жеке компаниялар есебінен атқарылмақшы.


Қымбат ДОСОВА, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үй берсе деп ойлаймын, қазір мынау жаңбыр жауса подъезде  су ағады Үйдің астында қалып қоямыз ба деп қорқамыз. Үйдің төбесінен крышадан су ағады. Анада бір жаман қоңыз боп кетті, подвал жаман.

Жергілікті әкімдік келер жылы апатты үйлер проблемасын шешеміз деп отыр. Ол үшін қаланың инфрақұрылымы жаңартылмақ.  

Қайрат ШАЙЖАНОВ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жылу жүйелері, су беру жүйелері, кәріз жүйелері өте жоғары деңгейде тозған. Жаңартуды қажет етеді. 2024- інші жылға дейін жүйе мәселелерін шешетін болсақ онда қаланың асфальттау жұмысына көше беруге болады .

Халықтың жағдайы мен экологияны жақсарту мақсатында қала табиғи газ желісіне қосылады.  3 жарым мың жеке және 14 көпқабатты үй тұрғындары газды күтіп отыр.  

Әбдіқадір ЕСЕНБЕКҰЛЫ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өз басымызға жеке болғаннан кейін жағдай жақсарады деген үміттеміз. Енді бірден бірден бәрі болмайды ғой.  

Ерген ӘЛТАЙ, ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жезқазған үлкен емес, қатты кіші, лас қала. Университет ашылса тағы да, оқу білім беретін зданиялар ашылса, спорткомплекс деген сияқты, сондайларды көбейтсе.

Жезқазғанда жақында жаңа гипермаркет, азық- түліктің жаңа көтерме тарату орталығы ашылады.Алдағы жылдары құс етін өндіретін фабрика мен ұн тарту кешені, жылыжай іске қосылмақ. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, Астана телеарнасы, Жезқазған қаласынан.

А. Қуаш