Русский Сайттың толық нұсқасы

"Құрметім саған, құрылысшы!" атты мерекелік шара өтті

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2022
  • 2478

Елордада "Құрметім саған, құрылысшы!" атты мерекелік шара өтті. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесі құттықтап,  үздіктерді Құрмет орденімен және арнайы алғыс хаттармен  марапаттады.

Құрылысшылар күніне орай  Елорданың маңдайалды мамандары марапатталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:


Елімізде қаншама тәуелсіздік жылдарында қаншама құрылыс нысандары салынып, мына зәулім-зәулім ғимараттар бой көтеріп, біздің көзімізді қуантып, еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамығанын көрсеткіші. Соның біреуі, міне- елорда. Осы Елордамыз көшкелі бері айналамыздағы ғимараттарды салған өздеріңіздер!


Ерен еңбегімен көзге түскен бір топ қызметкер "Құрмет" орденімен марапатталды.  Сондай-ақ, бірқатар азаматқа  алғыс хат табысталды.  

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрылысшылар күні құтты болсын! Дендеріңізге саулық тілейміз, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Елорданы бірге дамыта берейік, мерекелеріңізбен!


Ел астанасында 1997 жылдан бері 32 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынған. Сонымен қатар   түрлі әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер, спорттық және мәдени ошақтар бой көтерді.  Қала әкімінің айтуынша, соңғы үш жылда елордада 5 жылдық норма орындалды. Соның нәтижесінде 8 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.

Ә. Дүкембаева