Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қайтыс болған",- Бас прокуратура

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2022
  • 2455

Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қайтыс болған. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қаза болғандардың ішінде қылмыскерлер де, кінәсіз адамдар да бар. Оның ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жамбыл, Қызылорда облыстарында  19 күштік құрылым қызметкері қаза тапқан. Тәртіп сақшылары өз міндеттерін атқара отырып, жаппай соққыға жығу, көлікпен басу салдарынан немесе оққа ұшып мерт болды.  Бұл ретте олар қарусыз болған. Жалпы өлім деректеріне байланысты 200-ден астам іс тергеліп, 10 мыңға жуық куәгерден жауап алынған.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Алматы әкімдігінің ғимаратын қорғауға қатысқан қарусыз әскери қызметші, подполковник Хаировты өлтіру кезінде ерекше қатыгездік байқалған. Оның мәйіті ғимараттың төбесінен табылды. Тергеу азапталған өлімнен кейін қылмыскерлер айғақты жасыру үшін оның денесін өртеп жібергенін көрсетті. 39 жастағы офицердің отбасы және кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Б. Сатуов