Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалған ақшадан пайда көрген 4 азамат сотталды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2022
  • 2409

Жалған шетел ақшасын елге кіргізіп, пайда көрген қазақстандық 4 азамат ұсталды. Олар  қолдан жасалған АҚШ долларын букмекерлік кеңсе арқылы ойынға тігіп, ұтыстарын теңгемен алып отырған. Осылайша жалған 58 мың АҚШ долларын, яғни  28 миллион теңгені айналымға салған. Мамандардың айтуынша   ақша өте сапалы жасалған. Валютаның жалғандығын арнайы құрылғы арқылы ғана анықтауға болады.  Айыпты деп танылғандар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал  ақшаны жасап шығарғандар шет елде дейді.   
Асанғазы СЕРҒАЗЫҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жалған валютаны жасайтын азаматтардың бірден-бір мақсаты- ол валюта сұранысқа ие болу керек және одан пайда болу керек. Яғни біздің теңгенің құны әлсіз болғаннан кейін,  ал АҚШ валютасының доллардың құны әрқашан бір қалыпты, сонымен қатар құнының өсуіне байланысты АҚШ долларын шетелде жалған түрде жасау жиі кездеседі.

А. Базарбай