Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналық шенеуніктер ет аларда мұқият болуға кеңес беріп отыр

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2016
  • 2396

Елордада етке тексеру күшейтілді. Әсіресе сібір жарасы шыққан Қарағанды мен Павлодар облыстарынан келетін ет жіті бақылауға алынды. Астана шекарасындағы бекеттерде сақшылар күдік тудырған, құжаты жоқ өнімдерді кері қайтарып жатыр. Сақтық шарасы базарлар мен дүкендер де қайтайтылған. Шенеуніктер тұтынушыларға ет аларда аса мұқият болуға кеңес беріп отыр. Құралай Пионер сабақтайды.

Ет аларда оның түсі мен иісіне мән берген жөн. Одан кейін сатушының қолында мал өнімін сатуға рұқсат берілген қағазының болуы шарт. Ел ешінде күйдіргі дертінің тарауына байланысты, астаналық шенеуніктер тұтынушыларға ет аларда мұқият болуға осындай кеңес беріп отыр. 

Байжігіт Мөлдеков, Астана қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Қауіп бар деп айтуға болмайды. Бірақ барлық ветеринариялық қадағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тек қана белгіленген жерден ет өнімдерін сатып алуды сұраймыз. Қазіргі мына жағдай бойынша сібір жарасы шыққан облыстардан, егер құжаттары дұрыс болмаса, артқа қайтарып жіберіп жатырмыз.

Бақылауға полиция күші де тартылған. Қазір Астанаға кірер жолдағы облысаралық бекеттердегі инспекторларға көлік біткеннің бәрін тексеріп, заңсыз еттің өтіп кетпеуіне қатаң тапсырма берілген.

Бағлан Қарымбаев, Астана қаласы жол патрульдік полициясының аға сержанты:

Карантин жарияланғанан бері көліктер етпен көп өте қоймайды қазір. Алғашқыдай емес, алдында болды бір-екі рет, ет алып өтпекші болды. Тоқтатып, СЭС қызметкерлерін шақырдық. Ол жерде тонналап деп айта алмаймын. Бірақ 3 бас ет шығар.

Елордадағы зертханалардың да жұмысы қауырт қазір. Тексеру әдеттегіден екі есеге күшейтілген. Бір тілім ет те мақұлдаусыз сатылымға өтіп жатқан жоқ. Құжат та мұқият қаралады. 

Мы требуем справку №7. Она установленного образца по Казахстану. Выписывает врач на место выхода. 

Ерболат Қақимашов, «Шапағат» базарының сауда-саттық бөлімінің басшысы:

Орта есеппен, егер дүйсенбі күнді есептемесек, «Шапағат» базарына 9-10 тонна ет кіргізіледі. Барлығы да мұқият тексерілген. Көбіне Ақмола облысынан келіп жатыр. Бұған дейін Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келетін. Бірақ қазір алуды тоқтаттық.

Құралай Пионер, тілші:

Әрбір сатушының алдында мынадай рұқсат қағазы жатуы тиіс. Оны тұтынушы ретінде талап етуге сіздің толық құқығыңыз бар. Қағазда өндіруші орын, зертхананың қорытындысы және сатуға рұқсат етілген мөр болуы тиіс. Онсыз ет мұнда кіргізілмеуі керек.

Әзірге сиыр етіне сұраныс кәсіпкерлер күткендей төмен емес. Әрі бағасы да қымбаттамаса, арзандай қомаған. Оны сатушылар да растайды.

Қазір сиыр етінің келісін 1100 теңгеден сатып жатырмыз. Қымбаттады біраз. Ақпанда 900 теңгеден сатқан едік. Бірақ баға тарап жатқан ауруға байланысты емес. Себебі біздің тауардың таза екендігіне кепілдік береміз.

Сенеміз, сондықтан ет аларда қандай да бір құжат талап етпеймін. Таза, тексерілген болмаса, осында шығармайтын шығар.

Бүгінде Астанада 14 ішкі сауда-саттық орталығы болса, соның барлығында зертхана қызметі қойылған. Шенеуніктер есебі бойынша, шаһарға орта есеппен күнінен 40-45 тонна ет әкелінеді.

Құралай ПИОНЕР