Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда спорт үйірмелері "жоқ" балалар үшін бюджеттен қаржы алып отырған

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2022
  • 1282

Атырауда спорт үйірмелері "жоқ" балалар үшін бюджеттен қаржы  алып отырған. Қулығына құрық бойламайтын кәсіпкерлер  үйірмеге қатыспайтын 44 баланы тізімге енгізіп қойыпты. Осылайша  қазынаның 400 мың теңгесін қалтаға басқан. Одан бөлек,  саз мектептері жалақыларын көтеру мақсатында ақылы үйірменің бағасын заңсыз өсіріп жіберген.  Айласын асырмақ болғандар прокурорлық талдау барысында анықталды.

Ерлан КӘКИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Тексеріспен ата-аналардың айғақтары бойынша балалардың  мүлдем спорт үйірмелеріне бармағаны өз дәлелін тапты.  Бұл бойынша қадағалау акт енгізілді. Мемлекетке  келтірілген залал толықтай өндірілді. Саз мектерінің 10 пайызға төмендетілді бағасы,  2700 баланың құқықтары қорғалды.

Б. Надірқызы