Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде ұн бағасы 37%-ке қымбаттады

  • AstanaTV
  • 17 тамыз 2022
  • 1937

Елде ұн бағасы шарықтаған.  Қымбатшылық кеңсе тауарларында айналып өтпеді. Базардағы бағамы қандай? Сарапшылар не айтады? Осы және өзгеде жаңалықтар Экономика топтамасында.

Елде жыл басынан бері ұн бағасы 37%-ке қымбаттады. Бұл туралы  energyprom.kz. порталы хабарлады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артқан. Алайда бұл бағаны тұрақтандыруға әсер етпей тұр. Бірінші сұрыптағы ұнның бір келісі-кей өңірлерде  225 теңге болса, мегополистерде баға екі есе қымбат. Мониторингтік компанияның мәліметінше, биыл ұн экспорты 36,6 процентке ұлғайған. Керісінше ішкі сатылым төмендепті.   Қазақстан ТМД елдері ішінде  Өзбекстанға, Түркіменстан мен Тәжікістанға өнім жөнелткен.

Биыл кеңсе тауарлары, әсіресе, дәптер мен түрлі түсті қарындаштың бағасы 12 процентке өскен. Қалам 13,2%-ке, ал сурет альбомдары шамамен 14 процент қымбаттаған.

Сатушы компания өкілдерінің айтуынша, бағаның шарықтауына инфляциялық процестермен қатар валюта бағамындағы өзгерістер мен тасымалдау құны тікелей әсер етті. Айта кетейік, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Үкімет осы тұста базар бағасын ұстап тұру үшін бірқатар шараларды қабылдады. Алайда нәтиже әзірге байқалар емес.

Алматыда несие қарызы бар жүздеген мың адамға банкроттық жариялануы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі уақыттың өзінде тек Алматы қаласының 1 млн-нан астам тұрғынының несиесі бар. Оның ішінде 450 мыңдай азаматтың  несиесі 90 күннен астам уақыт төленбеген. Еске салайық, жеке азаматтың банкроттық жариялауға байланысты заң қазір парламент мәжілісінің қарауында жатыр. Заң қабылданған жағдайда азаматтар өздерін банкротпыз деп жариялауға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде азаматтарды қарыздан құтылуға үлкен септігін тизігеді дейді сарапшылар. Қазір   Қазақстан бойынша 7,4 миллион адамның белсенді несиесі бар.  

Б. Сатуов