Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде алтынға сұраныс артқан

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2022
  • 1737

Елімізде алтынға сұраныс артты. Ұлттық банктің хабарлауынша, өткен айда тұрғындар 2700-ден аса алтын құймасын сатып алған. Одан өзге сауда дүкендерінде де алтын бұйымдарды көп алатын болған көрінеді. Оның себебін тілшіміз айтады.

Айгүл Жанәбілова 10 жылдан бері алтын сатумен айналысады. Тұрақты сатып алушылары да бар. Ол бұйымдардың негізінен Түркия мен Ресейден келетіндігін айтады. Бағалары 17 мың мен 25 мың теңге аралығында. «Соңғы 3 жылда алтынға сұраныс ерекше артты» дейді ол.

Айгүл ЖАНӘБІЛОВА, АЛТЫН САТУШЫ:

Цептерді, қазір ломбардқа өткізеді. Ақшаны жинаған кезде көзсіз алтынды тұтынушылар алуға тырысады. Көбінесе Қызылорда облысы, оңтүстікте алтын алушылар көп. Және де басқа облыстардан, Астана, Көкшетау, Петропавлдан жан-жақтан тапсырыс беріп жатады бізге.

Ұлттық банктің хабарлауынша шілдеде тұрғындар 2700 яғни, 100 келіге жуық алтын құйма сатып алған. Халық арасында валюта бағамына деген сенімсіздік басым. Ал алтынды олар сенімді инвестиция деп бағалайды.

БЛИЦ:

- Біреулер алып сақтап қояды, бір кісілер алып жаратын жатыр. Сол себепте қолда ақша бар кезде алып алайын деген оймен келіп тұрмын дүкенге.

- Валюта деген бірде түседі, бірде көтеріледі. Бірде күйіп кетуі де мүмкін мысалы. Ал алтын Африкада да алтын сол бойы тұра береді.

Құнын жоғалтпайды алтын деген. Керек жеріңе тағып барасың, керек адамға сыйлық ретінде бересің. Ақшамен бірдей ғой. Жоғары болмаса, кем емес.

Сарапшылар халықтың жаппай алтын монета мен бұйымдарды сатып алуына әлемдегі саяси ахуалдың күрделенуі себеп болып отыр дейді. Елдегі азық-түліктің қымбаттауы, инфляция деңгейінің артуы да әсер еткен.

Гүлшат МҰСАЕВА, ЭКОНОМИСТ:

Валютаны тек бір ғана түрде емес, мүмкіндігі болса, евро, доллар, теңге түрінде сосын кішкентай бөлігін алтынмен де сақтауға болады. Өйткені біз нарықтық экономикада өмір сүріп отырмыз. Ертеңгі күні ешкім көз жетіп айта алмайды.

Бір кездері Мысырда күмістің құны алтыннан 2,5 есе қымбат болған көрінеді. Ал қазір кейбір дамыған елдер алтыннан қор жинайды. Біздің елімізде осыдан 5 жыл бұрын халыққа тазартылған алтын құймасын сату бағдарламасы басталды. Жоба жүзеге асқалы 3 тоннадан аса құйма сатылған.

М. Тоқтасынқызы