Футзалдан Қазақстан құрамасы Польша
командасын ойсырата жеңді. Енді әлем чемпионатына қатыспақ. Самат
Қанағатов жалғастырады.
Футзалдан
Қазақстан құрамасы әлем чемионатында жолдама алды. Бұл сында Польша
командасымен қарымта кездесу өткізген Какаудың шәкірттері 7-0 есебімен жеңіске
жетті. Кездесу басынан қонақтар қақпасына тап берген алаң иелері бірінші
таймның өзінде қарсыластың қақпасына жауапсыз 5 доп соқты. Алдымен қақпашы
Игита есеп ашса, артынан Дуглас пен Серік Жаманқұлов дубльдің авторы атанды.
Үзілістен
кейін де алған бетінен қайтпаған жерлестеріміз есепті ұлғайтты. Алдыман Лео бос
қақпаны нысанаға алса, ал бұл ойындағы соңғы нүктені Арнольд Кнауб қойды. Сонымен
екі кездесу қорытындысы бойынша 8-1 есебімен басым түскен Қазақстан құрамасы
биыл Колумбия мемлекетінде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Дінмұхамед
Сүлейменов, футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны:
Бүгін
біздің жанкүйерлеріміз, біздің команданы көтерді. Барлығы сконцентрированно өтті.
Бірінші ойында 1:1 ойнап қалдық, көп қателектер болды. Әрине, біздің
жанкүйерлеріміз өте қатты көмектесті, сондықтан олар сасқалақтап ойнағандары
көрініп тұрды. Өз жерінде басқаша ойын болды өздерінде, өйткені олардың
жанкүйерлері көмектесті өз жерінде.
Еске
салайық, жуырда Сербия мемлекетінде өткен Еуропа чемпионатында Қазақстан
құрамасы қола жүлдені ұтып алды.
Самат ҚАНАҒАТОВ