Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда дәрігер жас санитарға қол көтерген

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1145

Алматыда нөмірі 7-ші қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, санитарға қол көтерген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 19 жастағы санитар Нұржан Оханов осыған дейін де меңгерушінің ұрып-соққанын айтқан. Жәбірленушінің әріптестері де мұны растады. Дегенмен, аурухана әкімшілігі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Себебі, іс жүзінде оқиға куәгерлері жоқ. Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты ешкім аурухана басшылығына шағым білдірмеген. Аурухана басшылығы оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ:

№7 қалалық клиникалық аурухананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне, қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасындағы жанжал туралы дабыл түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлімшенің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлімше меңгерушісімен, санитармен әңгіме жүргізілді. Ішкі аудит қызметіне жұмыс күні ішінде қабылдау бөліміндегі жұмыс процесін бақылау тапсырылды.

М. Жақан