Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда үш ауысымды мектептердің саны 150-ден асты

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1496

Қазақстанда үш ауысымды мектептердің саны 150-ден асты. Ең көбі Алматы облысында. Бұл жалпы санның үштен бірін құрайды. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл 225 жаңа мектеп салу жоспарланған. Оқу жылына дейін 81-і ашылады. Мәселе мен оның шешімі «AMANAT» партиясының баспасөз мәслихатында талқыланды.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

674 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 466 мектепке пән кабинеттері сатып алынған. 450 мектептің асханасы қайтадан жөнделгендігін атап өту керек. 412 кабинетке арнайы жабдықтарды жеткізу аяқталған. Сонымен қатар, 235 кабинетті жеткізу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 3,6 млн бала мен 384 мың педагогты қамтитын 7 мың 700-ге жуық мектеп жұмыс істейді. Ел аумағындағы 900 мыңға жуық бала бір реттік тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, мектепке апаруды қажет ететін балалар үшін 515 мектеп автобусы сатып алынды, - дейді вице-министр Шолпан Каринова.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Оқу бағдарламаларына кейбір өзгерістер енгізілді. Биылғы жылы бірінші сыныпқа келетін оқушылар тек қана ана тілінде білім алатын болады. Осы оқушылар орыс тілін екінші сыныптан, шетел тілін үшінші сыныптан бастап оқитын болады. Бірінші сыныпқа баратын оқушылар “Еңбекке баулу” және “Бейнелеу өнері” пәндерін бірінші сыныптан оқытылатын болады. Жжәне де биылғы оқу жылында "Музыка" сабағында 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра аспабында ойнауды әрі қарай үйрене алады.

А. Серік