Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыр диқандары егінге орақ салды

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 2138

Сыр диқандары егінге орақ салды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев егіс алқабында болып қайтты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ұрымтал сәтте қос министрге аймақтың бірқатар мәселелерін де жеткізді.

Сырдария ауданының диқандары аймақта алғаш болып егінге орақ салды. Жылдағы дәстүр бойынша ақсақалдар ақжолтай тілектерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрі дәннің өнімділігіне оң баға берді.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Қызылорда облысы Қазақстанның күріш астанасы десе мен қателеспеймін. Себебі Қазастанды негізі алатын болсақ бізде күріш алқабы 87,8 мың гектар. Соның 90 пайызы Қызылорда облысында екен.

Биылғы жыл шаруалар үшін оңай болған жоқ. Жыл басында күріш көлемін 84 мыңнан 64 мың гектарға азайту талабы болды. Алайда, аймаққа келтіретін зор зардабы ескеріліп, 79 мың гектарға жуық алқапқа дән себілді.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Суды тиімді пайдалану, егістікті кезектеп суару, қашыртқыдағы суды екінші рет пайдалану қолға алынды. Суды аз қажет ететін мал азығы, көкөніс, бақша дақылдарының көлемін арттыруға жұмыс жасалды.

Арнайы сапармен келген Ведомоство басшылары өңірде өндірілетін агроөнім түрлерімен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты. «Дала күні» семинар-кеңесіне қатысты. Аймақ басшысы ұсыныстарын жеткізді.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының материалдық және қаржылық жағдайы өте қиын жағдайда. Институттың жұмысын жандандыру мақсатында министрлік пен әкімдік бірлескен шаралар қабылдауды ұсынамын. 178 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген егістіктен айырылып қалу қаупі бар. Алдағы уақытта осыған көңіл бөлуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ, күріш шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу керектігі де сөз болды.

М. Тоқтасынқызы