Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеңілдетілген автонесие бойынша соңғы транш берілді

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1093

Жеңілдетілген автонесие бойынша соңғы транш бөлінді. 10 миллиард теңге екінші деңгейлі банкке берілген. Бұл шешімді өнеркәсіпті дамыту қоры қабылдады. Аталған бағдарламаға жоспар бойынша 100 млрд теңге қарастырылған. Алғашқы 90 млрд теңге осыдан үш ай бұрын бөлінді. Бүгінгі күнге дейін бағдарлама бойынша 31 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 12 мыңы бойынша оң шешім қабылданып, 10 мыңнан астам азамат жаңа көлік иеленді. Темір тұлпар алуға ниет білдіргендердің дені – Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары.

А. Задабек