Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1748

Бүгін «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Партия Төрағасының пікірінше, Саяси тұғырнаманы жаңарту жұмысы «халық үніне құлақ асатын партия» форматында жүргізілуі тиіс. Еркін пікір алмасу, кең саяси диалог қамтамасыз етілуі керек. Сондай-ақ партия Төрағасы тұғырнаманы әзірлеу ісіне қатысты бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, Тұғырнама жобасын талқылау ұйымдастырылады. Соның ішінде, сараптамалық кездесулер, өңірлерде жеке кеңестер өткізіледі. Бұл жұмысқа партияның барлық филиалдары, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялар тартылады. 

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз қоғамдағы өзгерістер мен сұранысқа, Президент алға қойған ауқымды міндеттерге бейімделіп, үнемі дамып отыруға тиіспіз. Аманат елдің мұң-мұқтажымен өмір сүруі керек. Біз жаңа Қазақстан құруға қандай үлес қосамыз? Осыны айқындап алуымыз керек. Бұл тек қана белсенділік таныту керек деген сөз емес. Ол нақты нәтижеге қол жеткізу. Біздің негізгі жұмысымыз, бағыт-бағдарымыз бүгінгі күнде осы. Бірақ біз идеологиялық бағыт-бағдарымызды қайта қарауымыз керек. Жаңа жағдайда жаңаша идеологиялық көзқарас, жаңа саяси платформа қажет.

А. Базарбай