Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

  • AstanaTV
  • 24 тамыз 2022
  • 1651

"AMANAT" партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың бірі интернеттің сапасына шағымданса, енді бірі тұрғын үй алабын газдандыру мәселесін көтерді. Сондай-ақ уәжін айтуға келген халық мектеп пен сауықтыру кешендерінің жеткіліксіз деді. Партия хатшысы көтерілген проблемалардың шешілу жолын қадағалауға сөз берді. Жыл басынан бері "AMANAT" партиясының қабылдауына 91 мыңнан аса адам жүгінген. Партия мүшелері 18 мыңнан астам қабылдау өткізіп, 46 мың адамның мұң-мұқтажын тыңдады.

А. Задабек