Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2022
  • 1550

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Мұны аталған комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. Экс-басшылар Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа «Мемлекетке опасыздық жасады» деген айып тағылып отыр. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің "Билікті күшпен басып алу" және "лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" баптарымен жауапқа тартылмақ. Дәл осы тектес айыптар Ерғожин, Өсіпов, Акипов, Бекмұратқа да тағылған. Комитеттен мәлім еткендей, қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр.

Т. Әлжанов