Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дизельді тұтыну көлемі 2,5 есеге артты», - министр

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2022
  • 1679

Дизельге қатысты дүрбелең туындауына үш себеп бар. Энергетика министрі алғашқысын біздегі бағаның арзандығынан деп түсіндірді. Көрші мемлекеттерге апарып сатушылар көбейіпті. Транзиттік көліктердің де саны артқан. Күніне шамамен елге 4500 жүк көлігі кіреді. Оның 70 пайызы шетелдіктер деді. Оларға да біздің елден жанар-жағармай құйған тиімді болып тұр. Сондықтан шекті баға енгізілгенін айтты. Жеке көліктер күніне 100 литр дизельдің, литрін 230-260 теңгеден құйса, жүк көліктері үшін тасымалдау шегі тәулігіне 300 литр болып бекітілген. Шетелдіктер литрін 450 теңгеден сатып алады. Министрлік енді бақылауды күшейту мақсатында арнайы платформа енгізбек.

Болат АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Біздер қыркүйек айының 15-не дейін арнайы платформа енгіземіз. Бұл платформа арқылы бүкіл АЗС-тің жанар-жағармайдың көлемі, бағасы тіркеледі. Онлайын режимінде және салық, қаржы мониторинг болсын, бәсекелестікті қорғау болсын оның бәрі бір системада болады. Және өте анық болады. Қай жерде қанша кетті. Егер олар біреумен сәйкес келмейтін болса тұтыну көлемінің болжамдары бар ғой ай сайын, жыл сайын бекітеміз.

Министрліктің есебінше, дизельді тұтыну 2,5 есеге артқан. Дегенмен, жанар-жағармай жеткілікті деп отыр. Тек тасымалдауда мәселе туындап отырғанына тоқталды. Ал тасымалдаушылар өз уәжі бар.

Қанат ӘЛМАҒАНБЕТОВ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барған цестерналарды жанар-жағармайды уақытылы босатпайды. Сондай нелер бар. Бірақ біздің ноттарымыз, станция басшылары солармен бірге жұмыс істеп жатыр. Қазір тездетіп босатып, цестерноларды тездетіп бізге босатып жібергенде біз ойлаймыз қазір 2-3 күнде зауыттардың заявкаларын беріп жатырмыз. Соданда беретін мүмкіншілігіміз бар.

Т. Әлжанов