Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеліктер 15 жылдан бері мектеп салып беруді талап етіп жүр

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2022
  • 1474

Мектеп керек!!! Бүгін Ақтөбенің іргесіндегі Жібек жолы ауылы тұрғындары, атқамінерлерден білім ошағын салуды талап етті. 15 жылдан бері бір мектепке зар болып отырғандарына күйінеді. Талай әкім ауысты, бірақ мәселе уәде күйінде ғана қалып отыр деді.

Бұл ауылдың іргесі 2002 жылы қалана бастаған. Қазір мұнда 8 мыңға жуық халық тұрады. Әрбір отбасында мектеп жасындағы кем дегенде үш-төрт баладан бар. Олардың барлығы мектепке қалаға, кейбірі көрші ауылға барып қатынап оқуға мәжбүр. Оларды апарып-әкелетін ауылда мектеп автобусы да жүрмейді.

Базаргүл АМАНЖОЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мектеп, Автобус! Балаларымызды қатыната алмаймыз. Курсқа апара алмаймыз. Немерелерді болдық уже. Балалар оқу бітіріп кетті. Немерелерді мектепке возможность жоқ дербес өздерін жібере алмаймыз. Ит қаптаған. Түнде қайтады. Кеш құрымда. Мүмкіншілік жоқ.

Халықтың айтуынша мектеп құрылысына бір кезде арнайы жер бөлінген. Бірақ соңғы кезде оны жеке адамдарға үй салуға беріп тастапты. Халық талай әкімге жағдайларын айтып талай барған көрінеді. Бірақ құлақ асар шенді таппай жүргендеріне ашулы.

Нағашыбай ЮСУПОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Міне 15 жыл күтіп келе жатырмыз. Школ жоқ. Енді школдың орнын жеке адамдарға сатып. Ал сонда қалай ? Үндемегенге жуас дей ма?! Әлде біз баланы оқытпаймыз ба? Балаларды қазір туу Батысқа қалаға қайжерде бос орын бар мектепке сол жерге тасиды. Міне школ жоқ. Ана школ Заречныйға алыс.

Жиналған халыққа басу айтуға әкімдік өкілдері де келді. Олар бұл ауылға мектеп салуды енді ғана жоспарлап жатса керек.

Бақұзақ ДАРИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ «АЛМАТЫ» АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Заречный-3 төменгі жағында орта мектеп 2025 жылдан кейін салынатын болып қазір жоспарлануда. Оған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген жоқ. Бірақ жер қатынастары бөлімінен де келіп қалу керек өкілдері. Олардың жері дайын. Ешкімге берілген жоқ. Мектеп сол жер учаскесінде салынады.

Халық бұрыңғы мектеп құрылысы үшін белгіленген жердің заңдылығына күмәнданады. Соны тексерту үшін қол жинап, прокуратураға жүгінбек.

Б. Рақметова