Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады

  • AstanaTV
  • 26 тамыз 2022
  • 1921

Ақын-жазушыларды, драматургтер мен балалар авторларын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен республикалық «Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды. Шара жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. 2019 жылы бастау алған дода биыл төртінші рет өткізілмек. Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек байқауға қатысудың басты ерекшеліктері мен шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Республикалы байқауда бұл «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма» бойынша, 4 номинацияда байқау жарияланады. Осы байқаудан бөлек бізде тағы да айта кету керек 3 арнайы жүлде, ол - Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған, Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған және Алаш аманаты арнайы сыйлықтары табысталатын болады.

Байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Қатысушылар 26 тамыз бен 10 қазан аралығында іріктелмек. Байқау нәтижесі 25 қазан – Республика күні қарсаңында қорытындыланады. Партия Хатшысының айтуынша, байқауға келіп түскен барлық шығарма, оқырманның назарына күнделікті ұсынылып, ашық жарияланып отырады. Депутат Жанарбек Әшімжан мұндай іс-шара жас қаламгерлерді ынталандырып, шығармашылығына тың серпін береді дейді.

Жанарбек ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Ұлы дала" байқауы біздің еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Мәдениет, руханият, әдебиет бағытындағы. Қазіргі кезеңде өте талантты жастар бар. Прозада болсын, драматургияда болсын, поэзияда болсын. Ал мынадай байқаулар біздің жас әріптестеріміз үшін бұл - стимул.

А. Базарбай