Русский Сайттың толық нұсқасы

Пәндік олимпиада білім сапасын жақсартады

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2022
  • 3334

Білім мен интеллект бірінші орынға шыққан заманда елдің дамуын адам капиталы айқындайды. Бұл – ХХІ ғасырдың ақиқаты. Бәсекелестік бәйгесіне ілесуде ұлттың зияткерлік әлеуеті маңызды рөл атқарады. Ал елдің білім сапасын арттыруда пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Оған Қазақстанның білім деңгейін әлемдік додаларда көрсетіп жүрген дарынды балалар дәлел.

Фетуллах Сам 5 жыл бойы математика пәнінен сан түрлі олимпиадаларға қатысып, топ жарды. Қазіргі таңда "Spectrum" халықаралық мектебін бітіріп, шетелге оқуға түсіп те үлгерген. Ал 10-сынып оқушысы Дінмұхаммед биология пәні бойынша сан додадан суырылып шығып, талай жүлдеге ие болған.

Фетуллах САМ, МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Әр кездің өз қиындықтары бар, олар шыңдалуға көмектеседі. Сәтсіздіктер болды, әрине. Бірақ мен көңіл-күйімді түсірген емеспін. Керісінше, келесі жолы ол қателікті қайталамас үшін, көп оқып, дайындығымды күшейтемін.

Дінмұхаммед ОМАР, БИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Осы жылы IBO олимпиадада күміс медаль иегері атандым. Сосын басқа халықаралық олимпиадаларын айтсам IGCO олимпиада ол 15 жастағы балалар бүкіл әлемдегі химия, физика, биологиядағы. Және де осы Қазақстандағы Республикалық олимпиадалардың жүлдегерімін.

Балалардың жетістігіне жетекшілерінің сіңірген еңбегі аз емес. Ең бастысы баланың ынтасы мен қызығушылы дейді Нұр-Сұлтан қаласы "Білім инновация лицейінің" ұстазы.

Муамер ГУЛЬ, ЖЕТЕКШІ:

Негізі олимпиада деген оңай нәрсе емес, олимпиада ол - жыл бойы дайындалатын нәрсе. Ол бір уақытта ғана келе салып, жаза салатын жарыс емес, бүкіл өміріңнің ішінде бар. Күнде-күнде олимпиада бар. Сол себепті күнде-күнде дайындық болмаса ол қиын нәрсе. Қиын нәрседен адам қалай өтеді? Жақсы көрсе өтеді.

Биылғы жыл - біз үшін тарихи жыл. Өйткені халықаралық олимпиададан 27 медаль жеңіп алып, рекорд жаңарттық. Жүлдегерлерді ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 4 миллион 770 мың, күміске – 3 миллион 180 мың, қолаға миллион 590 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар тағайындалды. Оқу ағарту министрі жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай сертификатты салтанатты түрде табыстады.

А. Базарбай