Русский Сайттың толық нұсқасы

Балаға ақша аудару дұрыс шешім,-тұрғындар

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2022
  • 1537

Бала күтімімен отырған аналарға берілетін жәрдемақыны ұзарту туралы шешім, туу көрсеткіші жоғары оңтүстіктегі ағайынды қуантып отыр. Президенттің кешегі Жолдауы көпшіліктің көңілінде жүрген біраз мәселеннің түйінін тарқатты. Ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңге болып өзгеретіні де, халықтың әл-ауқатын көтеруге сеп болмақ. Әйелдердің зейнетке шығу жасы, балаларға жасалғалы отырған жағдайлар көпшіліктің көңілінен шыққан.

БЛИЦ:
 
- Маған жастардың жағдайын, жастардың болашағын ойлап жатқанына мен өте қуаныштымын

- Декретке бір жарым жыл қосты ғой. Сол тоже ұнады. 18 жасқа толмаған балаларға Нац.фонд ақша бөледі деген. Соны прям қолдаймыз.
 
- Жасқа дейін қор жинағаны өте тиімді, себебі балалар 18 жасқа жеткенде немесе оқуына немесе үй, баспанаға ақша жұмсауға мүмкіндігі бар.

- Қаңтар оқиғасындағыларды босатты ғой сол момент былай айтқанда нағыз ер азаматтың тірлігі болды деп ойлаймын.

- Көп машина алып келе бастады ғой көптеген. Солардың барлығының утилизациясына 200-250 мың теңгеден артық болмасын деді. Ол да дұрыс. Өте жақсы. Себебі үстеме үстінен ақша алатындар өте көп.

- Тәрбиешілердің айлығы өте аз. Жекеменшікте де аз. Соған тағы да қосылатын болды. Айлық қосылады да оның үстіне мәртебесін өсіретін болды.


Б. Сатуов