Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда «Amanat» партиясының мүшелері мен қоғамдық кеңестің төрағалары бас қосты

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2022
  • 2451

«Amanat» партиясы Президенттің барлық бастамасын қолдайды. Алматыда өткен кеңесте партия мүшелері мен қоғамдық кеңестің төрағалары осыны айтты. Олар мемлекет басшысының кезекті жолдауын талқылады. Тапсырмаларды іске асыру үшін білек сыбана кірісетіндерін жеткізді. Саяси кеңес мүшелері, Президент мандатын 7 жылдық әрі бір мерзіммен шектеу жөніндегі ұсынысына тоқталды. Аталған өзгерістер реформалар бағытының айқындығын көрсетеді деді. Президент сын-қатерлерге қарамастан, әлеуметтік саланы күшейтіп жатқанын атап өтті.

Мейіржан ОТЫНШИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
 
Біздің басты мақсатымыз Президенттің қоғамдық тірегі ретінде осы жолдауда көрсетілген, айтылған мәселелердің барлығын халыққа кеңінен жеткізу. Бұл жолдауда әр қазақстандықтың көңілінде, көкейінде жүрген мәселелер көтерілді. Сол мәселелерді біз кеңінен талқылап, оның орындалуын қоғамдық бақылауымыз қажет. Осы тұрғыда біздің партияластардың барлығы Президенттің жолдауын қолдайды.

Ә. Лесбек