Русский Сайттың толық нұсқасы

«Amanat» партиясы ұйытқы болған игі бастама жалғасын тапты

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2022
  • 2827

Апттан зардап шеккен Қостанай жұртына көмек қолын созу жұмыстары қызу жалғасын тапты. Елдің барлық аймағы бұған ат салысып жатыр. Игі бастамаға «Amanat» партиясы ұйытқы болды. Жер-жердегі филиалдарда қабылдау пунктері күні-түні жұмыс істеп тұр. Қостанайды қолдауға келген еріктілер қатары да күн санап артып келеді. Орайы келгенде айта кетейік, Астана телеарнасының ұжымы, Қостаналықтарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды. Өңірде жылу жинау қалай жүріп жатыр? Тілшілеріміз айтып береді.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

"AMANAT" партиясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында гуманитарлық көмек жинау пункті сенбі күні таңмен таласа ашылды.  
 
Елордалықтар жинаған көмектің алғашқы легі Қостанайдағы зардап шеккен ауыл тұрғындарына жеткізілді. Игі шараның басы қасында Аманат партиясының мүшелері мен жастар рухы белсенділері жүр. 300 ерікті қазір Тобылға келген. Олар жеткізілген гуманитарлық көмекті  таратуға жәрдемдеспек. Мәжіліс депутаттары да ат салысуда.  
 
Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

"AMANAT" партиясы 3-ші қыркүйек күні бастап кетті. Бұл қолдау шарасын. Бүгін күні бойы әрбір аймақтан жас еріктілер, рухтастар, "AMANAT" партиясының мүшелері арнайы тиелген камаз,грузовиктерді жеткізіп жатыр.Қостанай өңіріне.
 
Қостанайға елордадан 25 тоннаға жуық қажетті заттармен бірге 30-дан астам ерікті аттанған. Қызылордалықтар да Қостанай халқымен бірге екендіктерін көрсетуде. «AMANAT» партиясы аймақтағы филиалы көмек жинайтын 9 пункт ашылған Оған келіп жатқандардың қарасы қалың.  
 
Асхат ШӘУКЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Партия белсендісі ретінде, кәсіпкер ретінде Қостанай халқына аз да болса көмек жіберіп, пуктке әкеліп өткізіп жатырмыз. Қостай халқына Алла сабыр берсін. Біз сіздермен біргеміз.

Қарағандылықтар Қостанайға қаржылай 10 млн теңге және 11 тонна азық- түлік жинап, жөнелткен. Өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау әлі де жалғасуда. Арнайы пункттер барлық қалалар мен аудандарда «Amanat» партиясының филиалдарында жұмыс істеп тұр. Жалпы халықтық акцияға партия мүшелері мен кәсіпкерлер ат салысуда. Ертіс өңірінен де Қостанай облысына 20 мың тонна гуманитарлық көмек жинаған.
 
Санира ЖҮСІПОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАЙЫМЫ:

Бізге көптеген керек-жарақтар әкеліп жатыр. Ол тағамдар, электрошәйнектер, киім-кешектер, жататын орындар. Гигенаға қажетті заттарды әкеліп жатыр.   
 
Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Гуманитарлық көмек жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Өңірлердің барлығы белсенді. Алматылықтар да игі бастаманы қолдап, жұдырықтай жұмылған. Әріптесім Әсем Лесбек жалғастырады. Әсем.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Иә, Бекболат алматылық еріктілер де кешелі-бері таңмен таласа қостанайлықтарға қол ұшын созуда.

Бірінші орында керек тұрмыстық заттардан бөлек, құрылыс материалдары мен көлік құралдары да көмек орталығына жеткізілуде.
 
Ахмет ТАШАБАЙ, ЕРІКТІ:


Аманат партиясы филиалдарында осындай көмек көрсету қабылдап жатыр дегенді естіп, өзімізде атсалысып, кішігірім азық-түлікпен Қостанай халқына өзіміздің көмегімізді көрсетейік деген оймен алып келген жайымыз бар.
 
Әкежан КЕҢЕСОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:


Қаланың белсенді азаматтарынан қалалық әкімдіктен, мәслихат депуттаттарынан және партияның белсенділерінен көмек қабылданып жатыр.


Қабылдау пунктері үздіксіз жұмыс режиміне көшкен. Шамамен 120 тонна көмек жиналған. Оның 40 тоннасы кеше түнде Қостанайға жолға шыққан. Бүгін 4-уін аттандармақшы.
 
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Аманаттықтар қала тұрғындарының да біркісідей ат салысып жатқанын айтады. Май, тұз, қант, ұн сияқты заттарды да әкеліп жатыр деді. Өзге өңірлерде көмек қолын созудан қалыс қалмаған. Әріптесім Айзада Төребекқызы айтып береді.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә гуманитарлық көмек көрсетуде  Түркістан облысы, Шымкент қаласы тұрғындары да белсенді.  «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы жанынан зардап шеккендерге қажетті тауарларды жинақтау бізде де кеше басталып кеткен.

Қабылдау пункттерінде жұмыс қызған. Жанашыр азаматтардың қарасы қалың. Тонналап көмек көрсетушілер де баршылық. Жиналған заттардың алғашқы легі тобыл өңіріне жөнелтілді. Еріктілер мен депуттатар іскер азаматтарды қол ұшын созуға шақырды.
 
Нұрсұлтан ЖҮСІПБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Өйткені біз Арыс пен Мақтааралды ұмытпауымыз керек. Арыс пен Мақтааралда бүткіл Қазақстан бір жұдырықтай болып бізге көмек көрсете білді. Біз соны ұмытпауымыз керек. Көмек көрсетуге шақырамын.
 
Атыраулықтар да Қостанай халқына арналған гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтіп үлгерді. 10 жүк көлігінен жолға салған.  
 
Қаршыға ЖАУЫНБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:


Халықта, бүкіл кәсіпкерлерде өз нәпақасынан бөліп Қостанайлықтарға көмектесіп жатыр. Әлде де көмектесеміз.

Ақтөбеліктер де белсенділік танытты. «AMANAT» партиясының облыстық филиалдарын жанынан 13 гуманитарлық көмек пункті  ашылды. Қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек және жеке гигиена заттары жиналған. Ал, Шымкентте кәсіпкерлерден бөлек білім саласының өкілдері да көмектесуде.
 
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қостанай халқына көмек көрсету бойынша «AMANAT» партиясы  Шымкент қалалық филиалы жанындағы гуманитарлық қолдау пунктінде адам қарасы сиреген жоқ. Бүгінде қол ұшын созып жатқандар көп.
 
А. Төребекқызы