Русский Сайттың толық нұсқасы

"Sarap" клубында Президент жолдауы талқыланды

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2022
  • 1298

Президент Жолдауында айтылған: "Отбасы" цифрлық карта жүйесі, жастарға берілетін білім несиесі, "Балалар жинақ қоржыны" келесі жылдан бастап енгізілмек. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған  әлеуметтік шараларды кешенді орындау барасы, бүгін "Sarap" клубында жан-жақты талқыланды. Сарапшылар саладағы мәселелерді шешу үшін кәсіби мамандар тарту керек деп санайды.  

Ләззат НҰРҚАТОВА, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:  

Әлеуметтік қолдау мәселесін кешенді қарастыру керек. Тұрмысы төмен отбасылардың қолына "балық ұстатып" қана қоймай, әлеуметтік қызметті күшейту аса маңызды. Осы тұста кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді тарту қажет.

Ал, Қазақстан қоғамдық даму институтының өкілдері болса, кезектен тыс Президент сайлауы өтуі мүмкін екенін болжадық дейді. Сарапшылар президенттікке үміткерлер үшін дайындыққа екі ай уақыт жеткілікті деген пікірде.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Күрделі геосаяси жағдайда сайлау өткізу бұл - батылдық, шын мәнінде. Өйткені, экономикалық, әлеуметтік, геосаяси жағдай тұрақты болмай тұр. Соған қарамастан, бір жағынан бұл алдында өткен референдумді бекітіп, жаңа командамен, жаңа леппен іске асыру.

Г. Сейтенова