Русский Сайттың толық нұсқасы

Министр Президент тапсырмасы қалай орындалатынын айтты

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2022
  • 1180

Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап, бала күтімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту туралы Заң қолданысқа енгізіледі. Бүгін Үкіметте есеп берген Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осыны айтты. Оның сөзінше, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін де әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.  Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес "Ұлттық қор - балаларға" жобасының да мерзімі нақтылағна.

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:


2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, +аударуды көздейтін «Ұлттық қор-балаларға» жобасын іске қосу жоспарлануда.Сонымен қатар жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза кірісінің кемінде 7 проценті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатын болады. Тиісті құжатты жыл соңына дейін қабылдау көзделіп отыр.

Президент Жолдауындағы оң өзгерістер тұрмысты жақсартуға сеп болатынынан тұрғындар үмітті. Әсіресе балаларға жасалған қамқорлық, көптеген отбасы үшін көмек болар еді дейді,-елордалықтар.

БЛИЦ:

- Балаларға көп қамқорлық, үй шаруасындағы әйелге де, аналарға да көп қамқорлық жасап жатыр.

- 50 процент аударса, балаң 18-ге толғанша.Ол үлкен көмек болар еді халыққа.

- Енді бір жарым жыл дегенде көмек қой халыққа. Балаға деген.


Б. Сатуов