Русский Сайттың толық нұсқасы

Дала өрті Қарағанды облысында да өршіді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1402

Дала өрті Қарағанды облысында да өршіп тұр. Соңғы екі тәулікте 17  дала өрті тіркелген. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, оттың тұтануына күннің қатты ысуы мен желдің күшеюі себеп болып отыр. Қазір желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Бұл жағдайды ушықтыруда. Қазірдің өзінде 8 аумақ әлі де жанып жатыр. Жағдайды мамандар бақылауға алды. Дегенмен Шет ауданында Қызылтау елді-мекені маңындағы дала өрті ең ауқымды болып тұр. Мұнда шамамен 300 гектар жер жалынға оранған. Сонымен бірге ауданның Шопа ауылынан 25 шақырым жерде де өрт ошағы бар. 1000 гектар құрғақ шөп өртеніп кетті. Мұндай жағдайлар Шет ауданының бірнеше ауылда, Нұра, Қарқаралы аудандарында да болды.

Мұрат ҚАТПАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Барлық ошақтарда ТЖ - дың күштерімен, жергілікті атқарушы органдарының ерікті жасақтарымен орман қожалықтарынан 280 адам мен 80- ге жуық  бірлік техника тартылып отыр. Осы жағдайға байланысты барша Қарағанды облысының тұрғындарын қатаң қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

А. Қуаш