Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар Қостанай облысына көмек ретінде қанша ақша жинады?

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1398

Қостанайдағы алапат өртке байланысты қазақстандықтар қанша қаражат жинады? Бұл сауалға "Қайырымдылық KZ" қорының төрағасы Батырбек Ахметов жауап берді. Олардың дерегінше жарты миллиард теңгеге жуық жиналған. Төрағаның айтуынша, қорға қаражат әлі де түсіп жатыр. Сол себепті қайрымдылыққа жиналған ақша әлі жұмсалмаған. Жиналған қаражат нақты үш бағытқа бөлінбек. Қордың мақсыты  зардап шеккен тұрғындарға көмектесу деді,-Батырбек Ахметов.

Батырбек АХМЕТОВ, "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ KZ" ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қордың міндеті ең бірінші халыққа көмектесу. Халықтың алдында жәбір шеккен, солардың сол қолдан келгенше, қордың мүмкіншілігі жеткенше жаңағы өздерінің кеткен шығындарын қайтару. Одан кейін енді мынау сол елге инфрақұрылымды қалыптастыру. Жаңа салынатын жердегі. Ең соңында ақша қалатын болса, жалпы отделениеге жіберімз деген ойымыз бар.

Б. Сатуов