Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысындағы өрт сөндірілді

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 991

Қостанай облысында өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің жедел штабы хабарлады. 43 мың гектар аумақ өртеніп кеткен. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, бықсығандарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Жедел штабтың мәліметінше, өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланған. Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатындағы эвакуация пунктінде 17 адам, оның ішінде 7 бала бар. Қазіргі таңда олардың негізгі бөлігі өз үйлеріне оралды. Баспанасыз қалғандары туыстарының үйіне орналасқан. Мектептер онлайн сабақ оқу жүйесін іске қоспақ.

Ә. Дүкембаева