Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көпбалалы ана автобус кондукторы сабады деп отыр

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 1338

Ақтөбеде жүз теңге үшін үлкен айқай- шу шықты. Зейнеткер автобус кондукторы мені оңдырмай сабады деп отыр. Көпбалалы ана қазір полицияға арызданған, кондукторды жазалауды талап етіп отыр.

Елу бес жастағы Райхан Мамилина 29 бағыттағы автобусқа таңертең мінген. Артқы есіктен түсетін уақытта ақшасын таба алмай қалып, кондукторға зейнеткерлік кітапшасын көрсетіп, елу теңге беріпті. Бірақ кондуктор жолақысының толық құнын төлеуді талап етіп, автобустан түсірмей қойған.

Райхан МАМИЛИНА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Түскеннен кейін ақшамды төледім. Бізге пенсионный 40 теңге. Ол әйел мені алдыға қарай сүйреді. Жұлқылап, түйгіштеп автобустың алдына қарай сүйреді. «Ішке алып кетемін. 150 теңге төлейсің!» деп ұрысып, киімнің бәрін жыртып тастады. Жемпір көйлек бәрін. Қолым барлығы мынадай көк болып көгіріп кетті.


Райхан автобустан түскен бойда полицияға арызданған. Дәрігерге қаралып,  үстіндегі көгерген жерлерін көрсетіпті. Жәбір көрген тұрғын кондуктордың жазалануын талап етіп отыр. Бірақ басы дауға қалған кондукторда Райхан Құдабаева да өз құқын қорғамақ. Олда полицияға қарсы арызданыпты.

Райхан ҚҰДАБАЕВА, КОНДУКТОР:

Пенсионный синий книжканы маған көрсетіп елу теңге берді. Мен айтам жоқ олай болмайды. Біздерде автобус картамен жүреді деп150 теңге төлеңіз деп. Жоқ мен міне пенсионермін. Мен күнде осылай жүремін ештеңе төлемеймін деп қашып бара жатырған соң, мен қолынан ұстап тоқтаттым. Мен сабаған жоқпын. Мен оны итеріп автобусқа кіргіздім. Ол қарсыласып, мені итеріп, қолымнан соқты.


Анықтайғандай зейнеткерлер картамен есептескенде жолақысы қырық теңге екен. Бірақ қолма қол ақшамен төлегенде зейнеткерде 150 теңге төлеуі тиіс екен. Сондықтан да болар «Автопарк»басшылығы өз қызметкерлерінің бұрын мұндай теріс қылығын көрмедік деп ақтап отыр. Олар кондукторға сөгіс жариялап, түсініктеме алыпты.

Ақарыс ТІЛЕУЛЕСОВ, «АВТОПАРК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:


Енді қазіргі таңда кондукторда өзінің құқығын қорғау мақсатында екі тарап бір-біріне қарсы арыз жазып отыр. Соған байланысты әзірге ескертумен кондукторды да , жүргізшіні де жұмысқа қостық. Қалай құзырлы органдардың тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес біз әрі қарай қосымша шара қолданамыз.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қазір полицейлер әкімшілік іс қозғаған.    Екі таратпа бір-біріне дене жарақатын салғандықтан  сот –медициналық сараптама тағайындалған.

Б. Рақметова