Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі жиілеп кеткен өрт салдары қасақана қойылған ба?

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2022
  • 2034

Шығыс Қазақстан облысындағы дала өрті салдарынан мың гектардан астам алқап жанып кеткен. Оның барлығы дерлік қураған шөп басқан таулы аймақтар көрінеді. Өңірде жедел штаб құрылып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайындағы басқарма бастығы арнайы брифингте баяндады. Ал Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ірі екі өрттің шығу себептері анықталып жатыр дейді.  Қазір қалада өрт сөндіру  жұмыстары бойынша рейд жүргізілуде.  Қарағанды облысының төтенше жағдай департаменті 17 табиғи ошақты бақылауға алған. 8 табиғи орман жіті назарда дейді бөлім бастығы. Алайда, өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығының орынбасары айтуынша, республика бойынша аптап ыстық болудың салдарынан өрттің жиілеуіне әкелген. Дегенмен, БАҚ өкілдері мамандарға апат қасақана болуы мүмкін бе деген сауал жолдады.

Тілеуберді МӘДИЕВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ, яғни бір адамның өртеп жүргені не болмаса қастандық істегені, немесе өрт қойғаны нақты ақпарат төтенше жағдай министрілігіне келіп түскен жоқ.

Ә. Дүкембаева