Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда полицей күйеуін пышақтап тастаған әйелге сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2022
  • 1843

Қызылжарда учаскелік полицейді пышақтап тастаған әйеліне сот үкім кесті. Жаға ұстатарлық оқиғаға не себеп болды? Сот қандай жаза кесті? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин сот отырысынан анықтап келді.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Атышулы оқиға Қызылжардың Береке шағын ауданында мамыр айында болған еді. Туыстарының айтуынша, түнгі үштер шамасында марқұмның қанға тұншығып жатқанын әкесі естіп, бірден жатын бөлмесіне барған. Қанжоса етіп пышақталған баласы мен сілейіп тұрған келінін көріп жанұшыра айқайлап жіберген.  

Бастапқыда әйелі күйеуінің суицид жасағанын айтып ақталған көрінеді. Алайда, тергеп тексері кезінде кінәсін толық мойындаған.
 
Сергей ВИКТОРЕНКО, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 1 бөлігі адам өлтіруге сәйкес Жұмағали Айгүл кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздігі бар колонияда 8 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бұдан бөлек айыпталушы жәбірленуші тарапқа 4 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
 
Марқұм сол ауылда учаскелік полицей қызметін атқарған. Еңбекқорлығының арқасында өткен жылы Петропавлдың "Үздік маман" атаныпты.  Әріптестері оның қызметіне адал, тәртіпті отағасы болғанын айтады. Ал сотталған әйелдің төркіні марқұммен көңілдес болған әйел берекелі отбасының шырқын бұзды деп есептейді.
 
Айсұлу БАУБЕКОВА, АЙЫПТАЛУШЫНЫҢ АНАСЫ:

Бәрін бүлдірген күйеу баламмен көңілдес болған әйел.  Дарханнан бала тапты дейді. Бірақ баланың Дарханнан екеніне сенімді емес. Анығын өзі де білмейді. Сол әйелді соттау керек. Ал менің қызым кінәлі емес деп ойлаймын.
 
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Марқұм мен сотталған әйелдің артында шиіттей екі баласы қалды. Ата-әжесі немерелерін өз қамқорлығына алды. Сотталушының жақындары соттың қосымша 4 миллион теңге көлемінде өтемақы салынғанына аң-таң. Олар бұл шешіммен келіспей отыр.

А. Құрманкин