Русский Сайттың толық нұсқасы

Тілсіз жаудың салдарынан малынан айрылғандарға өтемақы беріледі

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2022
  • 1423

Қостанай облысындағы алапат өрттің салдарынан малынан айрылған адамдарға өтемақы беріледі. Ветеринария басқармасының хабарлауынша қазіргі таңда 38 ірі қара, 200-ден астам шошқа, 700-ге жуық үй құсының отқа оранғаны белгілі болып отыр. Өңірдегі 6 ауылды шарпыған алапат өрт тұрғындарды дүние мүлкімен қоса, төрт түлігінен айырды. Ветеринария  мамандары қоралар мен орман ішінде жанып кеткен малдарды арнайы техникамен жинап, өртеп жатқанын жеткізді. Ал түлік иелеріне нарық бағасымен өтемақы беріледі деді. Қаражат жергілікті қазынадан бөлінеді.

Ақат ШЕКТІБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ірі қара мал 38 бас. Ұсақ мал  2 бас. Шошқа 222. Құс 702. Құжаттар жиналып жатыр. Ветстанция мамандары қандай құжат керек, сосын ветқұжат деген бар соның бәрін дайындап  жатыр.


Полиция Қылмыстық кодекстің 341-ші бабы бойынша және өзгенің мүлкін қасақана жою бабымен қос іс қозғалғанын хабарлады. Қалың ормандағы өрттің тұтануына байланысты бірнеше болжам бар. Бірақ тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді. Өрт кезінде өңірде 8 адам жоғалған. Аманқарағай ауылының 56 жастағы тұрғыны әлі іздестіріліп жатыр.

Дүйсембай БАЙБОСЫНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сегіз адам жоғалған. 7 адам табылды. Осы жаңағы бір адам қалды қазір. Соны іздестіру шаралары өткізілуде. Іздестіру  нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз.


З. Санай