Русский Сайттың толық нұсқасы

Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» оқу бағдарламасы жүзеге асырылуда

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2022
  • 2968

Көшбасшы әйелдерді дамытуға арналған «Tomiris» оқу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тың жоба қыз-келіншектердің елдің саяси-экономикалық өміріне араласуына жол ашады.  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен “AMANAT” партиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама бойынша 30 адам білім алады. Олар еліміздің әр өңірінен жиналған 342 көшбасшының арасынан іріктелген.  Қыз-келіншектер көпшілік алдында сөйлеуді, қарым-қатынас орнатуды, эмоционалды интеллектіні дамытуды және жобаларды басқаруды үйренуде. Жаңа бастама олардың саяси мансаптарын жетілдіруге көмектеседі - дейді партиялықтар. Оқу бағдарламасы 5 күнге созылады.   Саяси менеджмент Академиясының директоры Данияр Мұқитановтың айтуынша, бағдарламаға қатысушылар Қазақстан мен Германияның белгілі саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесіп, сондай-ақ танымал тренерлерден дәріс алуда.

Данияр МҰҚИТАНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Оларға көшбасшылық, саясат, қалай әртүрлі депутаттық маслихатқа қалай кіруге болады, осындай тақырыптар бойынша оларға оқу бағдарламасын ұсынып отырмыз. Және жалпы нәтижесінде осы әйелдер біздің ойымызша келесі жылы әртүрлі маслихаттарға, мүмкін мәжіліске, басқа лауазымдарға сайланатын болса, онда біздің жұмысымыз нәтижелі болады деп санаймын.


Айдана СЫДЫҚОВА, «TOMIRIS» ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің мүмкіндігін арттыру - еліміздің басты саясаттарының бірі  деп өзінің жолдауында атап өткен болатын. Трансформациялық көшбасшылық, жобаларды басқару жайында, эмоционалды интелект жайында көптеген білімдермен толығып жатырмыз. Және де болашақта басқару жүйесінде осы білімдер бізге өзінің көп жемісін береді деп сенеміз.

А. Задабек