Русский Сайттың толық нұсқасы

Отбасы күнінде елордалық жұптар заңды некесін қиды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2022
  • 1405

Елордада отбасы күніне орай бес жұпқа неке куәлігі салтанатты түрде табысталды. Бұл - жас жұбайлар өміріндегі  маңызды сәт. Сондықтан олардың қуанышын бөлісуге келгендер өте көп болды. Арасында  60 жыл отасып, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп келе жатқан бақытты жандар да бар.  Олар жастарға бақыт  тілеп, бата берді.

Салтанатты шара "Бәйтерек" монументінде өтті. Себебі, қазақта жақсы сөз жарым ырыс дейді, жаңа өмірге қадам басқан жастардың құрған шаңырағы бәйтеректей биік болсын деген ниет бар.

Сабина МИХАЙЛОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл біз үшін күтпеген тосын сый болды. Әрине, Неке қию күнінде алдын ала осы күнге жоспарланған болатынбыз. Бірақ, Бәйтеректе осындай шара өтіп жатыр. Бұл кішігірім кеңседен, үстелден әлдеқайда жақсы.

60 жыл отасып, қанатын кеңге жайған Ахметовтер әулеті жас отбасыларға  бата беріп, жылы лебіздерін жеткізді. Отбасы құндылықтары туралы айтты.

Өтен АХМЕТ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қиындығына төзуің керек, әйтпесе қиындығына шыдамасаң ол отбасы болып тұру, тіршілігіңді ары қарай бірге жалғастыру қиын.


Салтанатты шарны өткізуге  Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия  мұрындық болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұның өзіндік мән-мағынасы мен тәлім- тәрбиесі бар.

Дәрменияр ҚЫДЫРБЕКҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз жылына екі рет өткіземіз, бірақ бүгінгі күні өткізіп жатқанымыздың себебі бар, ол мынау отбасы күніне орай. Оны біз арнайы идеялогияны жасап жатқанымыз ең басты құндылық отбасы деп.

Мұндай тағлымды шаралар отбасы мәртебесін көтеріп, ортақ құндылықтарды дәріптеуге негіз болады дейді ұйымдастырушылар.

Ә. Дүкембаева