Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Қарин: Терроризм үшін жазаны қатаңдату керек

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2016
  • 3444

Алматыдағы қанды оқиғаның артында ешқандай діни радикалды немесе террорлық ұйым тұрған жоқ. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының президенті Ерлан Қарин осындай пікір білдірді. Оның сөзінше, Қазақстанда болған соңғы лаңкестік оқиғалардан діни-экстремистік, идеологиялық астар іздеудің қажеті жоқ. Десе де, мемлекет қайғылы оқиғалардан үлкен сабақ алуы тиіс, - дейді. Ал «терроризм» бабы бойынша кесілетін жаза тым жеңіл. Сондықтан аталмыш баппен сотталғандар сабақ алмайтын көрінеді.

Ерлан Қарин, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Бесінші маусымдағы Ақтөбе оқиғаларына қатысқан бір азамат 2011 жылы жанкешті Махатовтің ісі бойынша, «терроризм» бабымен үш жылға сотталған еді. Сол кезде де сот, құқық қорғау органдарының мамандары жаза тым жеңіл деген. Сондықтан жекелеген баптар бойынша, террорлық актке қатысу, ұйымдастыру, топ құру бойынша жазаны қайта қарап, қатаңдатуға болады деп ойлаймын.