Русский Сайттың толық нұсқасы

Ереван тұрғындары шеруге шықты

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2016
  • 3208

Еревандағы полиция бөлімшесін басып алған қаскөйлер әлі 4 адамды тұтқында ұстап отыр. Армения құқық қорғау органдарының өкілдері ғимарат алдында күні-түні кезекшілік етіп отыр. Еске салайық, 17-ші шілде күні қаруланған топ полиция бөлімшесіне баса көктеп кірген. Олар оппозиция көшбасшысы Жирайр Сефилянды босатуды талап етті.

Айта өтейік, Сефилян бір ай бойы қамауда отыр. Бастапқыда қаскөйлер 8 адамды тұтқынға алған еді. Араларында жоғары шенділер де болатын. Олар Ереван қалалық полиция басшысының орынбасары Валерий Осипян және генерал-майор Вардан Егиазарян. Кейін шабуылшылар тұтқындардың көбін босатты.

Ал бүгін Ереван халқы қалада болып жатқан оқиғаларға наразылық танытып, ереуіл ұйымдастырмақ болған. Құқық қорғау органдары топтың белсенділерін ұстап, бөлімшелерге қамаған. Полицейлердің айтуларынша, бүлік елде қалыптасқан жағдайды одан бетер қиындатуы мүмкін.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА