Русский Сайттың толық нұсқасы

Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы қоғамда сұрақ көп

  • AstanaTV
  • 20 қыркүйек 2022
  • 1209

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Жолдауда қоғамдық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне де тоқталған еді. Оған негіз бар. Себебі, аталған институт жұмысына байланысты қоғамда сұрақ көп екенін сарапшыларда мойындайды. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Елдос Жұмағұлов  қоғамдық бақылауды күшейту үшін, алдымен қоғамдық кеңестердің мәртебесін көтеру керек - дейді.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Мемлекет басшысының да, жалпы қоғам тарапынан да сұрақтар бар. Жана айтып өткендей. Оны пәрменді қылу. Қоғамдық бақылауды оны ашық қылу. Және шын мәнінде оларды, қоғамдық кеңестердің қазіргі көбінесе ұсыныс ретінде қабылданады. Егерде оны ашықтық жағынан шын мәнінде бір тиісті деңгейде болатын болса, үлкен әсері бар. Бұл да бір демократияның құралы деп қарауға болады.

Ашықтық пен әділдік – қазіргі күннің басты талабы. Осы бағытта мемлекеттік органдар жұмысының жүйелі, нәтижелі болуы үшін қоғамдық кеңестердің маңызын арттыруға баса мән берілуде. Әлі күнге дейін аталған институтты жетілдіру, оның жұмысын ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сын-ескертпелер толастамай тұр. Мемлекет басшысының Жолдауда айтқаны да осы дейді жиналғандар.

Баян ТОЙКЕБАЕВА, ЖШС ӨКІЛІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қоғамдық кеңес жұмысын жетілдіру мәселесіне ерекше тоқталды. Себебі, қоғамдық кеңестің арқалағаны ауыр. Өйткені жұрттың мемлекетке деген сенімін арттыру, «естуші мемлекет» қалыптастыру тікелей осы институтқа байланысты. Бұл жерге жиналғандардың барлығы саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері. Олар қоғамдық кеңес мүшелерімен ақылдасып бақылау кезінде кеткен қателіктерді саралады.


А. Задабек