Алматыда арнайы операция өтті. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаланың қақ ортасында
атыс ұйымдастырған Руслан Күлекбаевтың тұрғылықты жері тексерілді. Әскерилер ел аузында «Көк базар» аталатын
әмбебап сауда орталығы мен «Рахат» кондитерлік фабрикасының айналасын қоршауға
алды. Базар мен фабрика жабылып, сол маңдағы тұрғын үй халқы қауіпсіз жерге
шығарылды. Алайда, ол жерде қауіпті зат табылмаған. Бүгін Ішкі істер
департаментінің баспасөз қызметі күдіктіге 8 бап бойынша айып тағылғанын
мәлімдеді.
Салтанат
Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:
Атап айтсақ, 99 бап - адам өлтіру, 269 бап - ғиамарттарға шабуыл жасау,
380 бап - билік өкіліне қарсылық көрсету, 255 бап - террорлық әрекет, 291 бап -
қаруды иемдену, 200 бап - бұл бөтеннің көлігін ұрлап әкету баптары бойынша
тергеліп жатыр.
Айта
кетейік, Алматының орталығында 18 шілде күні атыс болған еді. Күдікті ретінде
ұсталған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев полиция қызметкерлері мен
бейбіт тұрғындарға оқ атты. 6 адам қаза тауып, 6 адам жараланды.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ