Русский Сайттың толық нұсқасы

"Сән-салтанат салығы" қашан енгізіледі?

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 1149

2024 жылы "сән-салтанат салығы" енгізілуі мүмкін. Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде ғана салынады. Өзгеріс келер жылдың қыркүйегіне дейін пысықталып, Мәжілісте мақұлданбақ. Бұдан бөлек микро және шағын бизнес иелері 4-5 салық түрін өтеудің орнына, бірыңғай төлемді ғана төлейтін болады. Бұл еңбекақы қорына артылған жүктемені жеңілдетіп, салық түрлерін азайтады дейді Ұлттық экономка министрі .

Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Төлемді арнаулы салық режимдеріндегі микробизнес және шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолданатын болады. Сома бірыңғай жиынтық төлем тетігіне ұқсас бөлінеді. Осы орайда бірыңғай төлем салықтар мен еңбекақы төлемдерін есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салық жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді

А. Базарбай