Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа жеңістерге бастаған сөз" - жазушылар Президент жолдауына пікірлерін білдірді

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 1754

Жазушылар қауымы Мемлекет басшысының Жолдауына жоғары баға берді. Өзгерістердің бастамасы деп отыр. Бұл жолғы жолдауы жаңа жеңістерге жетелейтініне сенеді. Әсіресе, Президентті бір ғана мерзімге, 7 жылға сайлау ұтымды шешім дейді. Болашығымыз болған балаларға қамқорлық, бұрын соңды болмаған деп отыр.

Сәбит ДОСАНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ЖАЗУШЫ:

Президенттің халыққа жолдауы бұл ел өміріндегі елеулі оқиға. Қоғамды дүр сілкіндірген, жаңа жеңістерге бастаған сөз бұл. Бұнда біраз жаңалықтар бар. Ең басты жаңалық Президентті бір ғана мерзімге 7 жылға сайлау деген көптің көңілінен шыққан сөз болды. Өйткені ойға алған жоспарды жүзеге асыруға жеті жыл жеткілікті мерзім.


Ирак ЕЛЕКЕЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ:

Ең үлкен мәселе - балаларға арналған қаражат. Біреулер аз дейді. Біреулер... Бастама басталды. Әңгіменің ең қызығы сонда. Бұрын ол болмаған нәрсе.

А. Базарбай