Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біз ел ертеңі үшін, бақуатты тірлік үшін таңдау жасаймыз!",-халық пікірі

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 2666

"Сайлау елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертеді" дейді көпшілік. Сондықтан маңызды науқанға бір кісідей атсалысып,  ел ертеңі үшін, бақуатты тірлік үшін   дауыс беретінін айтады.  Президент сайлауында таңдау жасау әр адамның азаматтық парызы деп біледі.

БЛИЦ:
 
- Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек  болуға тиіс. Әрине сайлауға барамыз.Амандық болса.Дауыс береміз.Сайлауға, саяси додаға түсетін үміткерлерге де байланысты ғой.Неғұрлым конкуренция көп болса, сайлау да солай қызу өтеді деп сенеміз.

- Сайлауды қолдаймын. Әр адамның өз жоспары болады.Соны орындаса, халықтың қамын ойлайтын болса неге қолдамасқа. Бәрі жақсы болсын!

- Жақсы жаңалықтар күтемін. Қазақстан одан әрі гүлденеді. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылайды, ескеріледі деп ойлаймын.  
 
- Біз Қазақстан азаматы ретінде өз таңдауымызды жасауға міндеттіміз. Президент сайлауы жай нәрсе емес. Әлі де ел игілігі үшін жасалуы тиіс жұмыс көп.  

- Әрине сайлау болу керек. Өзіміздің болашақ Қазақстанымыз үшін. Мен оған келісемін, өзім барамын сайлауға дауыс беруге. Біздің Қазақстанымыздың болашағы үшін, өркендеуі үшін, көркеюі үшін, қазақ халқының жалпы жағдайы жақсы болуы үшін бару керек.
 
- Алда болатын сайлау еліміз үшін маңызды болайын деп тұр. Қазақстанның тағдырын шешеді. Елдің болашағы жарқын болғанын қаласақ, сайлауға бару қажет. Өз таңдауымызды жасап, дауыс беру керек.


Т. Әлжанов