Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау - саяси жүйені жаңарту процесінің бастауы

  • AstanaTV
  • 21 қыркүйек 2022
  • 1556

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Президент биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналғанын айтты. Сондай-ақ, маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнағанын жеткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланғаннан бері жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси жаңғыру бағдарламаларына тоқталды. Сондай-ақ, азаматтарға жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бүгін бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Ата заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым. Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын.


Ә. Дүкембаева