Русский Сайттың толық нұсқасы

Құс етінің бағасы жыл ішінде 28 пайызға өскен

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2022
  • 1285

Құс етінің бағасы жыл ішінде 28 пайызға өскен. Мұны Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Қымбатшылыққа әлбетте сұраныс әсер етіп отыр. Баға тұрақтала ма, әлде өсім жалғаса ма? Құс өсірушілердің жауабы қандай?  Сауалдарға тілшіміз жауап іздеп көрді.    

Алдымен ресми сандар сөйлесін. Өңірлер арасында құс етінің бағасы Маңғыстауда шарықтап тұр. Мұнда өсім шамамен 44 пайызды (43.8 пайызды) құрайды. Одан кейін Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстары тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Қарағанды облысында тіркелген. Бұл өңірде соңғы бір жылда құс еті 15 пайызға артқан.

Астанада да құс етінің бағасы айтарлықтай өскен. Бұған сатушылар да, сатып алушылар да шағымданды. Елорда тұрғындарының сөзінше, құс етінің бағасы соңғы 3 айда тіпті 700 теңгеге қымбаттапты.

БЛИЦ:

- Бұрын 1500 теңгеге солай алуға болатын еді. Қазір 2000-ның үстінде. Бүгін мысалы, обычный магазиннен грудинка алдым 2300 теңге болды. Ал, дәл соны 1600-ге алатын едік.

- Мен тауық еті бағасының қымбаттағанын байқадым. Себебі өзім студент болған соң, экономдауға тырысамын. Осы 300-400 теңгеге көбейіп жатыр.

- Азық-түліктің құны апта сайын өсуде. Бірақ халықтың жалақысы олай өсіп жатқан жоқ.

- Зейнеткерлерге қымбат. Зейнетақыны қосты товарды қымбаттатады.


Бүгінде ел ішінде 58 құс фабрикасы бар. Барлығы жеке меншік иелігінде, дейді құс өндірушілер одағының президенті. Демек бағаны бақылайтындар жоқтың қасы. Руслан Шарипов бағаға әсер етіп отырған бірнеше факторларды атады.

Руслан ШАРИПОВ, ҚР ҚҰС ӨНДІРУШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

70 пайыз себестоимость жемде жатыр. Қараңызшы, 3 жыл бұрын 90 мың болса бір тонна жем. Қазір 180 мыңға алып тауыққа беріп отырмыз. Егер жем арзан болса ет те  арзан болады. Қазақстанда сол зерновойдан басқа қалған заттардың барлығын валютамен сатып аламыз. Ол асыл тұқымды балапан, құрал-жабдықтар, витаминдер. Керек заттың барлығын шетелден алып келеміз валютаға.

Руслан Шарипов алдағы уақытта құс етінің бағасы  көтерілмесе, түспейді дегенді алға тартады. Ол бағаны тұрақтандыру үшін  құс шаруашылығына мемлекеттік қолдау қажет деп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі  бұл салаға субсидия бөлінеді. Тіпті жемді де арзан бағада сатып алуға қолдау көрсетіліп жатыр дейді.

Дамир ЕГІЗБАЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Негізі құс өсірушілер немесе тағамдық жұмыртқа алатын кәсіпорындардың барлығы да мемлекет тарапынан қолдау оның ішінде субсидия алып отыратыны ол айдан анық. Егерде мысалы жылдық көлемінде 5 млн дана жұмыртқа өзкізетін болсаң, әр данасына 3 теңгеден алады. Біздің тараптан құс өндірушілер ассоциациясымен бірге жасалған меморандум аясында министрліктің еншілес мекемесі азық-түліктің келісім шарт корпорациясы мынау нарықтық бағадан 30 пайыз арзандатылған бағадан қазіргі таңда 149 мың тонна жемдік астық үлестірген болатын.

Қаламқас СЫРЛЫБАЙҚЫЗЫ:

Демек министрлік тарапынан қолдау бар. Алайда Құс өндірушілер одағы бұл аздық ететінін айтты. Ауыл шаруашылығы ведомствосы құс фабрикаларына түсетін жыл сайынғы  пайданы есептегенде, кей жағдайда жеке меншік компаниялар қымбатшылықты қолдан жасайды деп түйді.
 

ҚҰС ЕТІНІҢ БАҒАСЫ:
 
2021 жыл, тамыз - 2022 жыл, тамыз
 
Маңғыстау облысы - 43,8 %

Ақтөбе облысы  - 37,8 %

Павлодар облысы - 35,2 %

Қарағанды облысы -15


Алдымен ресми сандар сөйлесін. Өңірлер арасында құс етінің бағасы Маңғыстауда шарықтап тұр. Мұнда өсім шамамен 44 пайызды (43.8 пайызды) құрайды. Одан кейін Ақтөбе (37,8%) және Павлодар (35,2%) облыстары тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Қарағанды облысында тіркелген. Бұл өңірде соңғы бір жылда құс еті 15 пайызға артқан.