Русский Сайттың толық нұсқасы

Сыбайлас жемқорлық деңгейі 10-15 % төмендеді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2022
  • 3421

Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда  10-15 %-ға төмендеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов  мәлімдеді. Саян Ахметжанов Алматыда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңес өкілдерімен ашық диалог жүргізді. Мақсат-  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген мәселелерді шешу. Қоғамдық бірлестік өкілдері де жемқорлықпен күреске атсалысуда. «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мегаполистегі  соңғы он жылда салынған және жөнделген жолдарды зерттеп, мониторинг жүргізген.

Бауыржан МАҚҰЛБАЕВ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мөлшері 9 миллиардтай салынған жолдың сапасы және көлемі бізге күмән тудырып отыр. Атап айтқанда, Тимирязев көшесінде БРТ проектісі салынған болатын осыдан 3 жыл бұрын. Соны қазір тексерсек, қазіргі уақытта жол мүлдем жоқ деп санауға боады. Ол ақшаның қаншасы тиімді кетті, қаншасы тиімсіз кеті, соны анықтауды сұрап, мемлекеттік органға, әкімшілікке, Антикорға жазып жатырмыз.

Сондай-ақ сапар барысында қала тұрғындарын толғандыратын мәселелер анықталды. «Азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту үшін біз жұртшылықпен тығыз байланыста болуымыз қажет»,- деп атап өтті Саян Ахметжанов.  

Саян АХМЕТЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ПРЕВЕНЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:


Алматы қаласында 4-5 бағытта сыбайластыққа байланыста тәуекелдер бар екен. Экология мәселелері, тұрғын үй, әлеуметтік мәселе, денсаулық сақтау, білім беру саласы. Шараларымызда белгіленген мәселелерді қандай деңгейде, қандай жағдаймен атқарылып жатқанын біз бүгін пікірлестік.

М. Жақан