Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел тұрғындарының 50% ғана қазақ тілін күнделікті қолданады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2022
  • 1818

Ел тұрғындарының  50 проценті ғана қазақ тілін күнделікті қолданады. Ал 80 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Ана тілінде сөйлейтіндердің басым бөлігі -18 бен 29  жас аралығындағылар. Олардың 35 проценті, ал 30 жас пен 44 жас аралығындағылардың 32 проценті күнделікті ақпаратты қазақ тілінде оқиды.  45 пен 60 жасты еңсергендердің   21,  ал одан жоғары жастағылардың 29 пайызы ана тілде жарық көрген жаңалықтарды көреді. Елде тұратын өзге ұлт өкілдері, керісінше, қазақ тілін жақсы меңгерген.  Өзбектердің 72, ұйғырлардың 71, тәжіктердің 63 проценті  мемлекеттік тілді жетік біледі. Сондай-ақ неміс, орыс, украин ұлтынан шыққан тұрғындар  да қазақша еркін сөйлейді. 

А. Задабек