Русский Сайттың толық нұсқасы

№88 мектептегі атыстан 13 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2022
  • 1012

Ресейдің Ижевск қаласындағы №88 мектепте атыс болды.  Білім беру мекемесіне басып кірген белгісіз адам алдымен екі күзетшіні өлтірген. Содан соң, оқушылар мен мұғалім отырған кабинетке бет алып, бейберекет оқ жаудырған. Атыс салдарынан 13 адам қаза тапты. Олардың жетеуі- кәмелет жасына толмағандар. 14 бала және 7 ересек адам жараланды. Полиция мәліметіне сәйкес, қылмыскер өз-өзіне қол жұмсаған. "Ол тыйым салынған нацистік белгілері бар қара жейде мен балаклава киген. Жанында ешқандай құжаты жоқ. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр", - деп хабарлады Ресей Тергеу комитеті. Жұртты дүрліктірген  тағы бір жайт - Усть-Илимск қаласында соғысқа шақырылған азамат әскери комиссариат бастығын атып тастады. 25 жастағы Руслан Зининді дүйсенбі күні әскерге әкетпек болған. Оның әскери комиссариатқа қаруды қалай алып кіргені белгісіз. Желіде тарап жатқан мына видеода күдікті атар алдында "қазір бәріміз үйімізге кетеміз" деп айқайлағаны естіледі. Оқ тиген әскери комиссар аурухананың жансақтау бөліміне түскен, ал қылмыскер қолға түсті.  

А. Серік