Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауы: әлі ешкім үміткер ретінде тіркелмеген

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2022
  • 1613
Партия құрамында жоқ азамат президент сайлауында кандидат бола алады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Сондай-ақ,   Президент сайлауына қатысатын үміткерлерге берілетін қол жинау парағын беру уақыты қысқарды. Одан бөлек, орталық сайлау комиссиясы президент сайлауы кезінде ерекше күтімді қажет ететін жандарға жағдай жасау туралы қаулыны бекітті. Орталық Сайлау Комиссиясы төрағасының айтуынша, өңірлік сайлау комиссиялары   жаңашылдықпен жұмыс істейді.  Әзірге  ешкім үміткер ретінде тіркелмеген.  

Нұрлан ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз сайлау туралы Конституциялық заңның бізге беретін құқығын пайдалану жөнінде шешім қабылдадық. Онда президенттің кезектен тыс сайлауы осы заңда кезекті президент сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі делінген. Сайлауды өткізу мерзімін орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Ал орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат  Өтемісов бюллетенінде болатын барлық кандидатқа қарсы дауыс беру мүмкіндігін түсіндірді. Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы аясында жұмыс істейді.

Шавкат ӨТЕМІСОВ. ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Қай кандидат 50 пайыздан көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі бұл сайлауда. Егер бірінші турда 50 пайыздан көп жинаған кандидат болмаған жағдайда онда екінші тур өткізіледі. Ол кезде ең көп жинаған екі адам жарысқа түседі. Сол екеуінен кім көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі.

Ә. Дүкембаева